9 ақпанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы HR және ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры Гүлбаршын Әбдіғалиеваның 2023 жылғы есебін тыңдады.

Қоғамның кадрлық саясаты адами ресурстарды жүйелі жоспарлау мен болжауға, жоғары еңбек өнімділігіне және өзгерістерге дайындыққа қол жеткізу мақсатында Компанияның корпоративтік мәдениетін дамытуға бағытталған.

2023 жылы Департаментпен үлкен жұмыс атқарылды:

  • Қоғамның жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді, компанияның штаты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға байланысты ұлғайтылды;
  • Ұлттық жобаны іске асыру бойынша қызметкерлер санын 100% жасақтау жүргізілді;
  • еңбекақы төлеудің әділ жүйесін құру мақсатында Samruk Business Academy сарапшыларын тарта отырып лауазымдарды бағалау жүргізілді;
  • кадрларды іріктеу және іздеу жүйесі жетілдірілді, кадрды басқару процестері автоматтандырылды;
  • 2023 жылға арналған ESG енгізу бойынша іс-шараларды орындады.

«Қоғамда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейі артып келеді, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда, қоғамның әлеуметтік саясаты бекітілді. Жыл сайын қызметкерлермен жұмыс бағыттарын анықтау мақсатында тарту индексінің көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Қызметкерлердің қызметін мерзімді бағалау күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және одан әрі қызметкерлермен жұмыс істеу әдістерін құруға, мотивацияны арттыруға мүмкіндік береді» - деп хабарлады департамент директоры.

Қызметкерлерді жылдық бағалау қорытындысы бойынша компанияда тәжірибелі мамандардан тұратын кадрлық резерв қалыптастырылды. Резервшілер үшін көшбасшылық бағдарламалар енгізілген жеке даму жоспарлары айқындалды.

Мәулен Айманбетов 2024 жылы корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының корпоративтік іс-шараларына қатысуға уақыт бөлу, ұлттық мерекелермен құттықтауды ұйымдастыру арқылы персоналды тарту индексін көтеруді тапсырды.

HR және ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры Гүлбаршин Әбдіғалиева 2024 жылға мынадай бірнеше мақсат қойған:

  • бизнес-процестерді жетілдірудің үздік тәжірибелерін қолдану;
  • адами ресурстарды басқару, персоналдың қызметі мен тиімділігін бағалау саласында автоматтандыруды енгізу;

іссапар шығындарын, демалыстарды төлеу, жұмысқа қабылдау, білікті мамандар пулын қалыптастыру кезінде бюрократиялық кідірістерді минимумға дейін қысқарту.

Төрағасының блогы