Бүгінде Қазақстанның 7 өңірі су тасқынынан зардап шекті. Қызыл су Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстанды басты.

3 жайлы мектеп су астында қалды:

  • Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы 1200 орынға арналған мектеп
  • Батыс Қазақстан облысына қарасты Пугачев ауылындағы 300 орындық мектеп
  • Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Петропавл қаласындағы 600 орындық мектеп

Басқа учаскелердегі құрылыс жұмыстары төмендеді. Басты мақсат – бар күшті тасқынмен күреске жұмылдыру. Мердігерлік ұйымдардың техникасы мен жұмыс қолының басым бөлігі қызыл судан зардап шеккен аумақтарға тартылды.

«Каспий Құрылыс ЛТД» және «Каспийская Кадровая Ассоциация» серіктестіктері қазір Атырау облысында ұзындығы 6 шақырымды құрайтын бөгетті тұрғызуда. "БатысСтройСервис-Атырау" ЖШС де қолданыстағы бөгеттерді нығайтуға және жаңаларын салуға жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай да, өкінішке қарай, дәл осындай. Пугачев ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп суға кетті, басқа учаскелердегі жұмыс қарқыны төмендеді. Компаниялар тасқын қаупі жоғары аудандарға аттанып, жағаны бекіту бойынша бөгеттерді тұрғызып жатыр.

Жайлы мектептердің құрылысы табиғи апат бойынша ахуал тұрақталғаннан кейін жалғасын табады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жайлы мектепте тасқын салдарын жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірнеше күн бұрын 600 орындық болашақ білім ошағының аумағына еріген қар суы жиналып, құрылыс тоқтаған болатын. Қазір учаскеде құм төгіп, ішкі бөгет тұрғызылуда. Одан кейін суды сору жұмыстары басталады.

«Samruk-Kazyna Construction» Қазақстан халқының басына түскен қайғыға ортақтасып, барынша көмек қолын созады. Қоғам қаржылай қолдау да танытады.

 

 

 

 

Төрағасының блогы