Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан Жетіс облысына қарасты Достық ауылында пилоттық ұлттық жоба аясында 300 орынға шақталған жайлы мектеп салынып жатыр. Құрылыс барысымен Samruk-Kazyna Construction Басқарма төрағасы танысты. 

Жетісу облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 заманауи білім ошағын қолданысқа тапсыру жоспарланған.

  • Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласындағы 1200 орынға арналған мектеп
  • Алакөл ауданына қарасты Достық ауылында 600 орынға арналған мектеп

Наурыздың 31-і Мәулен Айманбетов Алматыдан Жаркент қаласына аттанды.  Ол 1200 орынға арналған жайлы мектеп құрылысының қарқынын тексеріп қайтты. Нысан мердігері - “BI Global” ЖШС. SKCN басшысы жұмысшылардың санын арттырып, шаруаны бірнеше кезекте жүргізуді тапсырды. Себебі, қыркүйектің бірінде мектеп оқушыларды қабылдауға дайын болуы тиіс.

Нысанды аралау кезінде учаскеде 100-ден аса адам мен 9 бірлік техника жұмыс істеп жатты. Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек құрылысшылар санын арттыруға жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы жәрдемдесетінін айтты.

Жаркенттен Басқарма төрағасы Алакөл ауданының Достық ауылына аттанды. 600 орынға шақталған жайлы мектептің құрылысы жүріп жатқан елді мекен Қытаймен шекаралас аумақта орналасқан. Шалғай жерде жатқандықтан материалдарды жеткізу бойынша қиындықтар туындап отыр. Ал, мердігер тек конкурсты екінші мәрте жариялағаннан кейін табылған. Келісімшарт бүгінде “VentKarkaraServis” ЖШС жасалды.

Логистикадан бөлек, құрылыс процесін жергілікті климаттық жағдай, атап айтқанда екпіні секундына 40 метрді құрайтын қатты жел қиындатып отыр. Сондықтан, Айманбетов болашақ білім ошағының қаңқасын ұдайы соғатын қатты желге шыдас беретіндей етіп күшейту қажеттігін айтты. Ол үшін оны металлдан жасау қажет. Мердігерлік ұйымға тез арада атқарылатын шаруа кестесін тапсыру да жүктелді. Достық ауылындағы жайлы мектепті ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру көзделген.

Облыстық құрылыс басқармасымен бірлесіп нысанның төрт жағынан жол салып, кең автотұрақпен қамтамасыз етуді қарастыру қажет. Өңірдің күрделі климаттық жағдайына байланысты жобада сұйық отынмен жағылатын қазандықты қарастыру керек. Сондай-ақ, резервте дизельді-геренаторлы қондырғы болуы тиіс.

Жетісу облысындағы жайлы мектеп мердігерлеріне «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша келісімшартқа отырып, құжаттар мен есептерді жүргізуі тиіс бір маманды белгілеу қажеттілігі айтылды.

Төрағасының блогы